ҒАЛАМТОРДА ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?

1. Ақпараттық қауіпсіздік комитеті жеке деректер сақталуын арттыру үшін аса қажет болмаған жағдайда оларды Интернетке Wi-Fi арқылы жалпы қолжетімді құралдарымен жібермеуді ұсынады.
2. Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Интернетте қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде Wi-Fi ашық қолжетімділік нүктелеріне қосылмай, өзіңіздің байланыс операторыңыз арқылы қосылу мүмкіндігін пайдалануды ұсынады.
3. Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Интернетке қосылған құрылғыларды қорғау үшін вирусқа қарсы бағдарламаны, веб-браузерді және операциялық жүйені уақтылы жаңартуды ұсынады.
4. Ақпараттық қауіпсіздік комитеті балаларыңыздың Интернеттегі жеке ақпаратын қорғауды ұсынады, сондай-ақ Интернетке қосылған құрылғыларда «Ата-аналар бақылауы» сервисін қолдануға кеңес береді.

Ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған