ТАУАР АЙНАЛЫМЫ ВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫНА ӘСЕР ЕТПЕЙДІ

ҚР Үкіметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда шекаралары әдеттегі қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

— Тауарлар айналымы вирустың таралуына әсер етпейді, сондықтан бүгінгі таңда тауарлардың жеткізілуіне шекара ашық. Қол қойылған келісімшарттар жұмысын жалғастыруда. Басты айта кетерлігі, Ухань бойынша шығын жоқ, біз Уханьға келген кезде өндірушілерімізді ала келдік. Қытайлықтар тегін павильондарды ұсынды, онда біздікілер өз өнімдерін қойды. Қытайға жеткізілген тауарлардың барлығы сатылды. Қазіргі таңда жаңа жеткізілімдер туралы мәселе қарастырылуда, — деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, Қытай импортының үлесі тек 0,1% құрайды. Егер Қытайдан Қазақстан нарығына тауарлар жеткізу тоқтатылса да, бұл өнімнің бағасын құруға еш әсер етпеуі тиіс.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған