ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

Шымкент қаласының әуежайында коронавирусты инфекцияға күдікті науқас түскен жағдайдағы шаралар бойынша оқу-жаттығу өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Оқу-жаттығуға Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Шымкент қалалық бөлімшесі, және медициналық ұйымдар қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем көрсету қызметі, санитарлық-карантиндік бақылау бекеті, Төтенше жағдайлар департаменті және әуежай қызметкерлері қатысты.

Оқу-жаттығу аталған мекемелердің коронавирусты инфекцияға күдікті науқас тіркелген жағдайда, эпидемияға қарсы шаралар жүргізуге, қала аумағында карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың таралуының алдын алуға дайындығын бақылау мақсатында ұйымдастырылды.

Айта кетейік, коронавирусты инфекцияның қала аумағында тіркелуінің және таралуының алдын алу мақсатында тиісті санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында бұл инфекция тіркелмеген, деп хабарлайды Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

MIXNEWS.KZ

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған