ЕЛІМІЗДЕ 2019 ЖЫЛЫ ҚЫЗЫЛШАНЫҢ 594 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛГЕН

«2019 жылдың басынан қызылшаның 594 жағдайы тіркелді (оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 440 жағдай)» деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Қазіргі уақытта қызылшаның жағдайлары елдің барлық өңірлерінде тіркелуде: Астана қаласында – 472 жағдай, Шымкент қ. – 20, Атырау облысы – 25, Түркістан облысы – 17, Ақмола облысында – 16 жағдай, Алматы қаласында – 10 жағдай, басқа облыстарда аурудың бірлі-жарым жағдайлары тіркелген.

Қызылша – жиі асқынулар беретін вирустық жіті жұқпалы ауру. Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ.

Қызылшадан жалғыз тиімді қорғау вакцинация болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. Қызылшаға қарсы вакцинациялау үшін қызамық және паротитті компоненттермен біріктірілген (ҚҚП) қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады.

Қазақстанда балаларды жоспарлы иммундау және ошақтарда қатынаста болған адамдарды вакциналау үшін вакцина жеткілікті.

Айта кетейік, 2018 жылы елімізде қызылшаның 576 жағдайы тіркелген (14 жасқа дейінгі балалар арасында 484 жағдай).

Ал 2018 жылы әлемнің көптеген елдерінде қызылшамен сырқаттану жағдайының асқынуы тіркелген. Үндістанда 70 мыңнан астам жағдай тіркелсе, Украинада – 38 мыңнан астам, Қытайда – 29 мыңнан астам, Малайзияда – 9110, Тайландта – 5461, Сербияда – 5057, Пәкістанда – 4447, Ресейде – 4185, Мексикада – 3690, Түркияда – 3307, Францияда – 2787, Ауғанстанда – 2783, Италияда – 2592, Грецияда – 2261, Грузияда – 2019, Жапонияда – 1529, Қырғызстанда – 1238, Англияда 910 жағдай тіркелген. Бұл ретте, қызылшадан 68 өлім жағдайы орын алған.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған