Сайрам ауданында «Судағы қауіпсіздік» және «Балаларды қараусыз қалдырмау» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Күннің қатты ыстығанынан барлық су айдындарында демалушылардың саны күрт өсуде. Суда демалыңыздар, күштеріңізді және денсаулықтарыңызды нығайтыңыздар, бірақ Есте сақтаңыздар! Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі болып азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен болып табылады.

2022 жылдың 20 шілдесінде Сайрам ауданының Прокуратурасының бастауымен Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және №6 ӨСБ-і, Полиция қызметкерлерімен бірлесіп, ауқымды рейдтік іс-шара өткізілді. Ақсу өзенінің бойында шомылып жүрген ауыл тұғындарына «Судағы қауіпсіздік» және «Балаларды қараусыз қалдырмау» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылды. Полиция қызметкерлерімен 364 баптың,1 тармағымен 6 адамға ескерту салынды.

Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқыңыздар және есте сақтаңыздар:

• тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;

• жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;

• шомылу кезінде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыздар;

• жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;

• жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;

• жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;

• қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;

• суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;

• түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар;

mixnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған