ЕЛІМІЗДЕ КВИ АУРУЫНЫҢ ӨСУІ БАЙҚАЛУДА

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде еліміздегі COVID-19 ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады.

– Әлемде және Қазақстанда 20 маусымнан бастап аурушаңдық деңгейінің өсуімен қатар КВИ аурушаңдығының өсуі де байқалады, соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдық 2,5 есеге – 1030-дан 2558 жағдайға дейін өсті. Тәулігіне КВИ+-нің 1300-ге дейін және КВИ–нің 15-ке дейін жағдайы тіркеліп жатыр», – деді министр.

Бұл ретте соңғы аптада ауырғандардың 70%-ы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған