ҚАЛАЙ ЭКСПОРТТАУШЫ БОЛУҒА БОЛАДЫ?

Сыртқы экономикалық қатынастардың ел экономикасы үшін маңыздылығын асыра бағалау қиын. Халықаралық нарыққа тауарлар мен қызметтерді жеткізуші ретінде, ел өзінің мүмкіндіктерін әлемге паш етеді, өзін сенімді серіктес ретінде көрсетеді, онымен ұзақ мерзімді сенімді қатынастар орнатуға болады. Басқаша айтқанда, экспорт: тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірісін ынталандырады; экономикалық даму қарқынын және ЖІӨ өсуін жеделдетеді; елге шетелдік капиталдың түсуін қамтамасыз етеді; бюджетке түскен ақша сомасы; ұлттық валютаның позициясын нығайтады. «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ дайындаған «Қадамдықпен экспорттау» нұсқаулық материалының мақсаты шағын және орта кәсіпорындарға қазіргі экономикалық жағдайда Қазақстан Республикасының және шетелдік заңнаманың талаптарына сәйкес экспорттық қызметті бастауға көмектесу болып табылады. Нұсқаулықта экспорттық қызметтің негізгі кезеңдері туралы, сыртқы нарықтарды бастапқы талдау құралдары, әлеуетті сатып алушыларды іздеу және бағалау туралы, компания мен тауарларды экспортқа дайындау және валюталық төлемдерді ұйымдастырудың ерекшеліктері, сондай-ақ экспорттық қызметтің қауіп-қатерлері және олардың экспортын мемлекеттік қолдау құралдары туралы айтылады.

ЭКСПОРТТАУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА

2018 жылдан бастап «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік бағдарлама аясында экспорттаушыларға көмек көрстеу бойынша келісімдерге қол қойды, бағдарламада отандық өңделген тауарларды шығарумен айналысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындарды өтеу қарастырылған.

Жарнамалық өнім, шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелер мен фестивальдарға қатысуға, сондай-ақ жарнамалық каталогтарды әзірлеуге және таратуға байланысты шығындар өтелетін болады. Бұдан басқа, шетелдердегі өкілдікті, сауда нүктесін немесе қойманы ұстауға, тауар белгілерін тіркеу және өнімді сертификаттау жөніндегі рәсімдерді жүргізуге арналған соманың бір бөлігі өтеледі.

Кәсіпкерлерден өтінімдер қабылдау екінші тоқсанда басталады. Өтінімдерді жұмыс тобы мен ведомствоаралық комиссия қарайды, соның негізінде кәсіпкермен қаражат аудару туралы келісім жасалады.

Сол сияқты, «Атамекен» ҚР ҰКП-да Қазақстанның сыртқы сауда палатасының (ССП) еншілес ұйымы жұмыс істейді. Оның міндеті – сыртқы экономикалық салада қазақстандық бизнестің мүдделерін білдіру.

Бүгінгі күні Қазақстанның сыртқы сауда палатасына қойылған міндеттер шеңберінде бірнеше іс-шаралар өткізу жоспарланған. Оның ішінде: түрлі халықаралық көрмелер мен конференцияларды ұйымдастыру және қатысу, ақпараттық қолдау көрсету, консалтингтік қызметтер, экспорт және импорт мәселелері бойынша ақпаратты жинау, талдау және тағы басқалар.

Бизнес өкілдері үшін халықаралық сарапшылардың қатысуымен бірқатар семинарлар жоспарланған. Сондай-ақ отандық тауарлар мен қызметтердің экспорты мәселелеріне арналған оннан астам вебинар бар. Бұл онлайн-семинарлар бизнеске өндірістен қол үзбей экспорт туралы барлық қажетті ақпаратты және халықаралық саудаға қатысты басқа да көптеген мәселелерді алуға мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылға 15 сауда миссиясын өткізу жоспарланған. Сауда миссиялары шеңберінде отандық компаниялар үшін шетелдік серіктестерді іздеу алаңдары құрылуда. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, отандық кәсіпорындардың шетелдік сауда миссияларына қатысуы өндірілетін тауарлар мен қызметтер экспортының географиясын кеңейтеді.

Бизнес өкілдерінің хабардарлығын арттыру үшін «Қазақстанның экспорттық өнімі» электрондық анықтамалығы дайындалады және өңдеуші салалардың қазақстандық экспорттаушылары мен шетелдік сатып алушыларға арналған портал іске қосылады. Тағы бір маңызды жаңалық: осы жылдан бастап «Атамекен» ҚР ҰКП экспорттаушылардың өтінімдері бойынша шетелдік нарыққа талдау жүргізеді. Осы мақсатта Ұлттық палата мен ҚР ИДМ тиісті келісім жасасты. Бұл әлеуетті экспорттаушылар қазақстандық өнімге қандай елдер қызығушылық танытатыны және қай елдің нақты қайсы компаниясы екені туралы өзекті ақпарат ала алатынын білдіреді. Соның нәтижесінде бизнес таяу болашақта қандай тауарларды тиімді шығаруға болатынын болжай алады. Ең бастысы, ақпарат Қазақстан өңірлері бойынша да, басқа елдер деңгейінде де қолжетімді.

Барлық сұрақтар бойынша экспорттаушылар «Атамекен» ҚР ҰКП байланыс орталығының -1432 қысқа нөміріне хабарласа алады.

Қазақстандық экспорттаушыларға арналған портал – www.export.gov.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған