СҰРАНЫСҚА ИЕ ӨНІМНІҢ ОТАНДЫҚ ЕКЕНІ ҚУАНТАДЫ

Сарыағаш ауданында электро-шәйнек және еден сүрткіш жабдығын құрастыратын цех өз жұмысын бастады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

«Bah_Asmar» ЖШС-на қарасты өндіріс орны күніне 600-700 дана электро-шәйнек және 10 000 дана еден сүрткіш шығарады. Цех 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта жеке кәсіпкер Қ.Егембердиев өз кәсібін ұлғайтып, өндіріс қуаттылығын күніне 2 600 данаға жеткізіп, қосымша жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.

СҰРАНЫСҚА ИЕ ӨНІМНІҢ ОТАНДЫҚ ЕКЕНІ ҚУАНТАДЫ

Серіктестіктің жұмысымен танысқан аудан әкімі М.Отаршиев өңірде кәсіптің көзін тапқан жас кәсіпкерлердің саны күн санап артып жатқанын айтты.

«Сұранысқа ие өнімнің ең бастысы отандық екендігі көңіл қуантады. Бастысы халыққа қолжетімді бағада, сапалы болса, басты жетістік осы. Алдағы уақытта өз ісін бастаған кәсіпкерге аудан әкімдігі тарапынан мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады», – деді аудан басшысы.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған