НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ РФ ПРЕЗИДЕНТІ ВЛАДИМИР ПУТИНГЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге Магнитогорск қаласында тұрғын үйдегі жарылыстың салдарынан адамдардың қаза болғанына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, 31 желтоқсан күні таңертең Магнитогорск қаласында он қабатты үйде газ жарылды. Салдарынан үйдің кіреберісінің бірі қирады. Соңғы мәлімет бойынша қаза тапқандар саны 37 адамға жетіп, алты адам тірі табылды, оның ішінде бір тәуліктен астам үйінді астында жатқан 11 айлық бала бар. Сондай-ақ, із-түссіз кеткендер қатарында төрт адам бар. Жергілікті билік, қаза тапқандар мен зардап шеккен отбасыларға 1 миллион қаражат аударылатынын айтып, көмек берілетіні жеткізген.

Фото: 66.ru

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған