ӘКІМГЕ ҚОЯР САУАЛЫҢЫЗ БАР МА?

Шымкент қаласының әкімі 2020 жылғы 14 ақпан күні халық алдында есеп береді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сағат 11.00-де Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10/2, «Түркістан» сарайында 2019 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп береді.

Қала әкіміне қойылатын ұсыныс-пікірлеріңізді жазбаша түрде аудан әкімдіктерінде орнатылған жәшіктерге салуларыңызға болады.

Сондай-ақ, сауалдарыңызды қала әкімдігінің WhatsApp (8 747 720 1717) нөміріне немесе akimge_surak@mail.ru электронды поштасына жазып жіберулеріңізге мүмкіндіктеріңіз бар.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған