Қарақат Әбден суицидпен күрес жолын ұсынды

Жезқазған қаласында өткен арнайы дөңгелек үстел барысында Қарақат Әбден «Суицидпен күрес жөнінде ұлттық стратегиялық жоспар» әзірлеуді ұсынды. Кандидат ол үшін арнайы ведомствоаралық комиссия құрып, заңнамалық талаптарға сәйкес Парламенттік тыңдалымда аталған мәселе көтерілуі тиіс деді.
Жиынға психолог мамандар мен ювеналды полиция органдарының ардагерлері, аналар кеңесі мен ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.
Кездесуде 2018-2022 жылдар аралығында 18 мыңға жуық адам өз-өзіне қол жұмсағаны, 21 мыңнан астам қазақстандық өзіне қол салуға әрекет еткені туралы статистикалық дерек келтірілді. Белгілі болғандай, Қазақстан өз-өзіне қол жұмсау бойынша алғашқы 20 елдің қатарында болса, балалар мен жастар арасындағы суицид бойынша еліміз әлемде алғашқы үштікке кіреді.
Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Үміткер Қарақат Әбден ел аймақтарын аралап, 11 қала мен бірнеше ауылдық елдімекенде 20-дан астам кездесу өткізді Алдағы уақытта ол Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен кездесу өткізеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған