СЫНДАРЛЫ СӘТТЕ БІРЛІГІМІЗ АУАДАЙ ҚАЖЕТ

Елімізде 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді.

Ұлы Абайдың сөзіне қай кезде де құлақ түргеніміз жөн. Дана бабамыз Абай қырық үшінші қара сөзінде: «Өлшеуін білмек – бір үлкен керек іс» деп айтады.

Алда келе жатқан сайлауда әрбіріңіздің дауысыңыз маңызды. Қазақта “Қосылғанның – қолы ұзын, Қос керуеннің – жолы ұзын”, – деп бекер айтылмаған.

Абайдың насихаты, бізге беріп отырған ақыл-кеңесіне жүгінетін болсақ, сындарлы сәтте бірлігіміз ауадай қажет.

Осы орайда, баршаңызды сайлауға белсене қатысуға шақырамын. Еліміздегі өзгерістерді бірге жасайық!

Насиба АТАЕВА,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, “Яссы Құрылыс» ЖШС директоры

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған