САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ЖЕТІ ӨҢІРДЕ БОЛДЫ

Салтанат Тұрсынбекова өзін ел президенті лауазымына кандидат етіп ұсынған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне сайлау науқанында бүгінге дейін жасалған жұмыстар бойынша қорытынды есеп берді.

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген 16 күнде жеті өңірде болды: Астанада, Қарағанды облысында, Ақмола облысында, Түркістан облысында, Қостанай облысында, Шымкент және Алматы қалаларында халықтың түрлі топтарымен кездесулер өткізді.

Штаб мәліметтеріне сәйкес, кандидат 7 өңірде 3000-нан аса тұрғынмен 16 кездесу өткізген.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған