САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОРЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Түркістан облысындағы Кентау трансформаторлық зауытының қызметкерлерімен кездесті.

«Зауыт – бұл ең алдымен жұмыс орны. Сіз белгілі бір түпкілікті өнімді жасай отырып, маңызды жұмыс атқарасыз. Сіздердің еңбектеріңіз елдің жалпы ішкі өнімінде тікелей көрініс тауып отыр. Әрқайсыңыздың еңбектеріңіз заң деңгейінде қорғалуы тиіс. Зауытта жұмыс істеп жүргендер тек ер адамдар емес. Кәсіпорынның жетістіктеріне әйелдер де үлкен үлес қосады», – деді кандидат.

Айта кетсек, зауыт – ТМД-дағы трансформаторлық жабдықтарды шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі. Жетекші қазақстандық өндіруші экономиканың барлық салаларына, соның ішінде электр энергетикасы, металлургия, машина жасау, көлік, мұнай-газ кешені, тұрғын үй-коммуналдық секторға өнім жеткізеді. Қазіргі таңда зауытта 1100-ге жуық адам еңбек етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған