САЙЛАУ БЮЛЛЕТЕНЬДЕРІ ТҮРЛІ ТҮСТІ БОЛАДЫ – ОСК

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған бюллетеньдер түрлі түсті болады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.

Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, бұл комиссияға да, сайлаушылардың өздеріне де дауыстарды беру және санау кезінде ыңғайлы болу үшін жасалған. Сондай-ақ сайлау бюллетеньдерінің өлшемі де өзгеретіні хабарланды.
«Бюллетеньдер саны бірнеше есе артып келеді. Сонымен бірге біз тиісті тәжірибе жасап, әдеттегі А4 орнына А5 өлшемді бюллетень қолдану тиімді екенін аңғардық», деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров есептен шығару куәліктерінің де түсі әртүрлі болатынын айтты.
«Куәліктердің бес түрлі түсі болады, бұл әкімшілікке қосымша ашықтық береді», деп қосты Константин Петров.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған