ОСК-ДА ҮГІТ ЖҮРГІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН АДАМДАРДЫ АТАДЫ

ОСК отырысында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезіндегі заңнамадағы өзгерістер мен үгіт жүргізуге заңмен тыйым салынған адамдарды атады.

– Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске былтыр қарашада енгізілген түзетулерге сәйкес кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне, оның іскерлік беделіне қасақана нұқсан келтіретін үгіт материалдарын жариялағаны үшін тек БАҚ қана емес, сондай-ақ онлайн платформа пайдаланушылары да жауапкершілікке тартылатын болады, – деді ол.Сонымен қатар, Жандос Өмірәлиев Әкімшілік кодекстің 122-бабында сайлау алдында үгіт жүргізіп, үгіт материалдарын таратуға кімдерге заңмен тыйым салынғанын айтты. – Мемлекеттік органдардың лауазымды иелері, әскери қызметшілер, арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, судьялар, сайлау комиссиялары мен діни бірлестіктердің мүшелері, – деді ол. Еске салайық, кодекстің 113-бабында әкімшілік жазаға деректемелері жоқ, анонимді үгіт-насихат материалдарын таратуға байланысты заңсыз әрекеттер көрсетілген. Ал 114-бапта үгіт материалдарын қасақана бүлдіргені үшін жауапкершілік көзделген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған