МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТЫҒЫНА БӘСЕКЕЛЕСТІК: БІР ОРЫНҒА 4,3 КАНДИДАТТАН КЕЛЕДІ

Мәслихаттар депутаттығына орташа бәсекелестік 4,3 кандидатты құрайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттарының 334 мандатына партиялық тізім бойынша ұсыну кезеңінде саяси партиялар белсенділігінің жеткілікті дәрежеде жоғары болғанына назар аударамын. Мысалы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан басқа 6 саяси партия өңірлердің көпшілігінде мәслихаттардың депутаттарын сайлауға партиялық тізімдерін ұсынды», – деді Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында.
Оның дерегінше, алдағы 19 наурызда өтетін кезектен тыс сайлауда облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астанада – 334, аудандарда – 2 130, қалаларда 617 адам мәслихаттардың депутаты болып сайланады. Мандаттардың жалпы саны – 3 081.
«Кандидаттарды бірмандаттық аумақтық сайлау окургтері бойынша ұсыну қорытындыларына сәйкес, орташа бәсекелестік бір орынға 4,3 кандидатты құрайды. Бұл көрсеткіш азаматтардың және азаматтық қоғамның жоғары белсенділігін айғақтайды», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған