МИНИСТР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

2022 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыс сапары барысында Министр облыс тұрғындарымен кездесіп, төтенше жағдай туындаған кезде халықты хабардар етуге, төтенше жағдайдың алдын алу және қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты өзекті сауалдарға жауап берді.

Сонымен қатар, Юрий Ильин су тасқыны, өрт қауіпті кезеңдердің өтуі, сел және көшкін жағдайы, жер сілкінісі кезінде ерте хабарлау жүйесін енгізу, қысқы кезеңдегі, оның ішінде жылыту маусымы кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерін қозғады.  

Есеп беру кездесуі аясында Министр бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг өткізді. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, ведомствоның жұмысы, азаматтық қорғау жүйесін дамыту перспективалары, алда тұрған міндеттерді шешу туралы айтты.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар министрі азаматтарды жеке қабылдады, Түркістан облысындағы ТЖМ бөлімшелерінің ардагерлерімен және жеке құрамымен кездесті, Министрлік қызметкерінің мәртебесін және жалақыны көтеру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты гарнизонның жеке құрамына жеткізді. Кездесу барысында Министр жеке құрамды тыңдап, оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған