МЕНІҢ ДАУЫСЫМ – МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ!

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Алдағы Президент сайлауы жастар үшін де маңызды, жаңа мүмкіндіктерге жол ашқалы отыр.

20 жасымда алғаш рет, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дауыс беру мүмкіндігі туып отыр.

Бұған дейінгі өтіп жүрген сайлауда науқаннан тыс қалмай өз белсенділігімді көрсетіп жүргенмін. Енді өзімнің азаматтық борышым ретінде дауыс беруді асыға күтіп жүрмін.

Сайлауға қатысу – әр жастың өз азаматтық борышын орындау мақсатындағы тамаша мүмкіндігі.
Осы орайда, достар, баршаңызды сайлауда өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын.

Нұрайым ЕРЖІГІТҚЫЗЫ,
Түркістан облысы бойынша «Жылдың үздік еріктісі» номинациясының иегері, белсенді жас

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған