БІР КҮНГЕ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРНЫНА ЖҰМЫС ІСТЕП КӨРДІ

Бүгін Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Әсия Құралқызының орнына «Инклюзивті сарапшылар қауымдастығы – Қалаға құқық» республикалық мүгедектер бірлестігінің төрағасы Ерлан Әбдиев басқарма басшысының міндетін уақытша атқарды. Ерекше жоба 23-маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай «Өзін-өзі басқару» негізінде Түркістан облысының әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Ерлан Тұрсынбайұлы таңғы сағат 09.00-ден бастап өз жұмысына кірісті. Бір күндік шенеунік басқарманың бөлім басшыларымен өткізілетін жоспарлы аппарат жиналысына қатысты. Онда «Жаңа жұмыс орындарының ашылуы» туралы, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының» іске асырылуы, «Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау» туралы маңызды ақпараттар беріліп, атқарылатын жоспарлар пысықталды.

Жұмыс күнінің екінші бөлігінде облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Сонымен қатар басқармаға қарасты 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға арналған «№1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» қызметі таныстырылды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған