БЕЙБІТШІЛІКТІ ҚАЛАЙТЫН ЕЛДЕР ЖАҺАНДЫҚ АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛУЫ ҚАЖЕТ

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың қызметі еліміздегі маңызды реформалардың жүзеге асырылу кезеңімен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті. Бұл туралы ҚР Президентінің ресми сайты хабарлады.

Сондай-ақ Елбасы халықаралық күн тәртібінде тұрған заманауи сын-қатерлерге де тоқталды.

– Жетекші ядролық державалар арасындағы текетірес әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Осы орайда, Орта және кіші қашықтықтағы зымырандарды жою туралы шарттың бұзылу қаупін ерекше атап өткім келеді.  Бейбітшілікті қалайтын елдер жаңа жаһандық апаттың болуына жол бермей, оның алдын алуы қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның бітімгершілік қызметінің нәтижелерін ерекше атап өтіп, әлемде ядролық қаруды таратпау үшін қабылданған шаралардың маңыздылығына назар аударды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған