100 ЖАСТАҒЫ КЕЙУАНА НЕМЕРЕЛЕРІМЕН БІРГЕ НАУҚАНҒА ҚАТЫСТЫ

№23 референдум учаскесі ресми түрде ашық деп жарияланған соң, дауыс берушілердің алғашқы легін бастап ауыл тұрғыны 100 жастағы кейуана Бейсенбаева Рысалды немере-шөберелерімен науқанға қатысты.

«Бүгін елімізде өтіп жатқан саяси реформаға өз үлесімді қоссам деген ниетпен, ертемен келіп Жаңа Қазақстан құру жолындағы таңдауымды жасадым.

Елеулі өзгерісті қалайтын, ел тағдырына алаңдайтын барлық азаматтарды, жастарды бүгінгі шарадан қалыс қалмауға шақырамын. Халқымыз аман болсын! Мемлекетіміз жасай берсін. Өзгерістердің барлығы оңынан болсын!», – дейді кейуана.

Осы орайда елден ерте тұрып, маңызды істен қапы қалмағаны үшін қазыналы әжеміз жасына қарамастан алғашқылардың қатарынан табылғаны үшін сайлау учаскесінің төрағасы Нұрғазы Түлекбаев естелік сый табыстады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған