ЖАСТАР ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ТЕГІН ҮЙРЕНУДЕ

Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» көпшіліктің бас қосуымен өтетін іс-шараларды кейінге шегеріп, орталықпен көрсетілетін қызметтерді қашықтықтан жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспарын қабылдап, бүгінде қарқынды жұмыстар атқаруда. Бұл туралы Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығының» баспасөз қызметі хабарлады.

Жастардың үздіксіз дамуын әрі бос уақытын тиімді пайдаланып, қашықтықтан оқуға дағды қалыптастыру, бәсекеге қабілетті ұлт жасау мақсатында қашықтықтан оқытатын «Қолжетімді ағылшын» жобасына 500-ден астам жас онлайн тіркеліп, WhatsApp желісі арқылы оқытушы ұстаз Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің PhD докторанты, филолог-ғалым Айбек Шегебаевпен видео-семинар және тікелей эфир жүргізілуде. Оқыту жұмыстары жастарға оңтайландырылған методикамен ұйымдастырылған. Бұл ағылшын тілін қысқа мерзімде оңай үйренуге мүмкіндік береді.

Оқу барысында ағылшын тілі ұстаздарымен тікелей эфирде спикинг өткізіліп, «British concul т.б» ағылшын тілін үйрету институттарының мүмкіндіктерін пайдалану бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылуда.

«Қолжетімді ағылшын» жобасы алдағы уақытта үздіксіз жалғасын табатын болады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған