КОМПЬЮТЕР, ҒАЛАМТОР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ДҰРЫС ҚОЛДАНА БІЛУ

Бүгінде қоғамда дамыған технологиялардың жиі қолданылатынын белгілі. Мұның өзі бүкіләлемдік үрдіс екенін ұмытпау керек. Сондықтан бұл үрдістен біздің еліміз де, білім саламыз да кенжелеп қалмауы тиіс. Әлем ілескен көштен қалмау үшін, біз де алға жылжу үшін цифрлы технологияларды қолдана отырып, дамуымыз тиіс. Осы бағытта дамуды қолға алу мақсатында елімізде «Цифрлы Қазақстан» жобасы жүзеге асып жатқаны белгілі. Осы орайда мектеп оқушыларының да жоғары технологияны, компьютерді қолдана білуі, қолдана отырып оның пайдалы жақтарын алып, зиянды жағына да дұрыс назар салуды үйрету де тәрбиенің ең маңызды құралдарының бірі деп білемін.

Бүгінде кез-келген ұстаз, өзінің сабақ беру үрдісіне заманауи технологияларды қолданып жататыны белгілі. Демек, оқушылар да оны қолданады. Осы орайда біз оқушылармен бірлесе отырып «Компьютер, ғаламтор және оны дұрыс қолдана білу» атта тақырыпта сабақ өттік.

Ең маңыздысы бүгінде оқушылар үй тапсырмаларының басым бөлігін өз беттерінше іздене отырып, ғаламторды пайдаланып жасайтынын білеміз. Осы орайда оны қаншалықты дұрыс пайдаланып, керекті ақпараттарды алып, керексізінен арылып отыруды да білгені жөн. Бүгінде көптеген елдерде ғаламтордың пайдасы мен зияны жайлы заңдар шығып, оның қолдану аясы мен қолдану уақыты жайлы  мемлекеттік деңгейде бақылаулар орнатылған. Тіпті, Қытайда ғаламтордан, соның ішінде әлеуметтік желілерге тәуелділіктен арылту  орталықтары жұмыс жасауын бастаған. Демек, бұл прогресстің де өз зияны бар. Бірақ, оның зиянын азайта отырып қолдануды білген жөн.

Ең алдымен ата-аналар білуі тиіс ақпараттар, балалар қолданатын смартфондарға арнайы қажетсіз ақпараттардан, қажетсіз сайттардан қорғап тұратын бағдарлама орнатқан дұрыс. Одан соң балаңыз қарап боған соң міндетті түрде бір тексеріп, қаралғандар тиегіндегі  парақшаларды бір қарап шыққан абзал. Егер қажетсіз, зиянды ақпараттар көрген болса,сол сайттарды қарамауға кеңес беру.

Сондай-ақ, компьютерге келер болсақ монитор экраны көзден  50-70 сантиметр қашықтықта тұруы тиіс.

Компьютермен жұмыс істеу бөлмесінде мейлінше бөлме гүлдері көптеп болғаны дұрыс

Компьютердің жанына беті ашық ыдыста толтырып таза су қойған жөн. Ауаны үнемі таза ұстаған абзал.

Мектеп оқушыларына әр жарты сағат сайын 10-15 минуттық үзіліс жасап тұру шарт.

Ғаламтормен жұмыс жасағанда да, компьютер алдында отырғаннан соң да оқушы міндетті түрде бетін салқын сумен жууы тиіс.

Балаға алған ақпараттарға сараптама жасап, қажетін мен қажетсізін ажырата білуді үйрету керек. Ол үшін үнемі балаңыз ғаламтордан сабағына қажетті ақпараттар іздейтінін айтқанда онымен әңгімелесе отырып не іздейтінін білу тиіс. Одан соң тізім қажет мысалы, «Ғарыш және Қазақстан» тақырыбында мәлімет іздеу керек болса:

  1. Ғарыш жайлы мәлімет іздеу
  2. Адамзаттың ғарышқа алғашқы сапары
  3. Ғарыш айлағының Қазақстанда салынуы
  4. Қазақстандық ғарышқа сапар шеккен ғарышкерлер
  5. Ғарыш жайлы соңғы Қазақстан жаңалықтары

«Міне, осы ақпараттарды іздей отырып сен өз сабағыңа керекті мәліметтерді ала аласың», – деп бағыт-бағдар бере білу.

Осы жөнінде айтыла келе балалар, компьютер , ғаламтор жайлы оны пайдалана білу жайлы өз пікірлерін білдірді. Олардың әңгімесіне қарап, бүгінде расында ақпараттың тез дамитын кезеңінде оқушылардың бұл тақырыптардан біршама сауатты екендерін, және бүгінгі айтылған кеңестер мен берілген бағдарларды дұрыс қабылдай білгендерін дұрыс жеткізе білді. Өз кезегінде  ғаламторда отырып компьютерлік ойындарды үзіліссіз ойнаған жандардың шеккен зардаптарынан хабардар екенін, кейбір әлеуметтік желілерде түрлі жолға итермелейтін ақпараттар болатындығын,одан бойларын аулақ ұстайтындықтарын да жеткізді. Демек, бүгінгі қоғамда баланы, оқушыны, кәріні жаста ғаламтордан алшақ ұстай алмаймыз, ең бастысы оны пайдалы жаққа жұмсауды білу керек.

  • Раушан Шарифжанқызы Исмадиярова,
  • М.Тасова атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған
  • №12 мектеп-интернаты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған