ӨТКЕНСІЗ БОЛАШАҚ ЖОҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ МУЗЕЙІНЕ ЭКСКУРСИЯ

 Қазақ халқы дана халық қой. Бір ауыз сөзге қаншама құндылықты сыйғызып жібере алады. «Өткенсіз болашақ жоқ» деген бір ауыз сөз арқылы, өткенімізді ұмытпай, сол тарихи оқиғалар арқылы бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге, тағлым беруге болатынын айта алған. Осы орайда студенттердің таным көкжиегін кеңейту мақсатында  Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне студенттермен бірге бардық.

ӨТКЕНСІЗ БОЛАШАҚ ЖОҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ МУЗЕЙІНЕ ЭКСКУРСИЯ

Елімізде  1997 жылдан бері жыл сайын  президент   Жарлығымен бекітілген 31 мамыр Ашаршылық және саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді. Осы еске алу күніне орайластырып жасалған шара болатын.   Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы  студенттерге мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру мақсатында М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің студенттерімен CM-22-5k13 тобымен бірге аталған музейге экскурсия ұйымдастырдық.

ӨТКЕНСІЗ БОЛАШАҚ ЖОҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ МУЗЕЙІНЕ ЭКСКУРСИЯ

       Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр  кезең болды. Өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл ағаларымызды еске алу, ұмытпау – әрбір ұрпақтың парызы . Өркениетті қоғамға қадам басқалы тұрған   ел үшін ел басынан өткен ауыр нәубет жылдардың оқиғаларынан сабақ алу – өте қажетті іс деп білеміз. Бұл жылдарда кеңес үкіметін орнату мен нығайтуға қатысқан, кезіндегі «Алаш» партиясының көрнекті қайраткерлері мен мүшелері Ә.Бөкейхан, Х.Досмұхамбетұлы, А.Байтұрсынұлы, т.б. жазаға ұшырады, оларды халық жаулары деп жариялады. Жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушылар С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, М.Дулатов жазаға ұшырап, ату жазасына кесілді. Көрнекті тілші, ғалым, профессор Құдайберген Жұбанов, Санжар Асфендияров, Ғылым академиясының басшысы М.Төлепов және басқалары жазалау шараларының құрбаны болды.

ӨТКЕНСІЗ БОЛАШАҚ ЖОҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ МУЗЕЙІНЕ ЭКСКУРСИЯ

 «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР-ның 1993 жылы 14 сәуірдегі заңына сәйкес қуғын-сүргіндерге ұшырағандар жаппай ақталды, қазақ қайраткерлерінің есімдері халқына қайтарылды. Сонда да халқымыздың басынан өткен қасіретін халық жадынан ешкім өшіре алмас. Бұл біздің Отанымыздың тарихындағы өзекті мәселе.

Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне барған сапарында студенттер де тарих беттерінде  аласапыран кезеңімен қалған осынау күрделі оқиғаларға терең бойлап, ұлтқа деген, тарихқа деген, елге деген құрметтерінің тағы бір сатыға артқанын ұққандай болдық. Бұл музей өзге музейлерден бөлек, көңілге түрлі ой салатын жер екенін студенттер де бірден аңғарды.  Өздері ойлағаннан да жоғары деңгейде әсер алғандарын пікірлескен сәтте аңғардық.

Біз әрдайым өткен тарихымызды ұмытпай, біздің болашағымыз үшін күрескен ата-баба рухына тағзым етіп отырайық. Ащы тарихымызды білмеу — тәуелсіздік қадірін түсінбеумен пара-пар. Ендеше, ұрпақ санасына өткен дәуір тарихын жаңғырту, халық зиялыларын жадымыздан бір сәт те шығармау баршамыздың ұлт алдындағы азаматтық парызымыз деп білейік және олардың есімдерін жас ұрпақ ұмытпауы тиіс!

Ашимова Т. С

Томарбаева С. Т

Айтбекова Ж. Н

М.Әуезов атындағы ОҚУ

«Техникалық мамандықтар бойынша шет тілдері»

кафедрасы оқытушылары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған