ШӘКІРТАҚЫ ТАҒЫ 20 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ

2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясы тағы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15%-ға өседі. Бұл туралы ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз орталығы хабарлады.

Педагогика мамандығы бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы алатын болады. Магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 195 000 теңгеге дейін өседі (докторанттардың шәкіртақысы Президенттің тапсырмасына дейін 82 мың теңге болса, қазір 172 500 теңге шамасында).

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақылары 25%-ға өскен. Ал 2021 жылдың қыркүйек айында бакалаврлар стипендиясының мөлшері 20%-ға, магистранттар мен докторанттар стипендиясының мөлшері 15%-ға артқан болатын.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған