МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ЖАУАПТЫ ІС

Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Ол үшін мың ойланып, жүз толғану керек. Мамандықты ата-ана емес, түлектің өзі таңдағаны жақсы. Осы мақсатты көздеген Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Мамандық таңдау» тақырыбында Түркістан қаласы М.Мәметова атындағы №6 мектептің 10-11 сынып оқушыларына арнап, жиналыс өткізді. Жиналыс барысында оқушыларға М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсудің артықшылықтары мен талаптарын түсіндірді.

Өрт сөндірушілерді даярлайтын еліміздегі жалғыз жоғарғы оқу орны – Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы. Аталған оқу орны 1973 жылдан бері төтенше жағдай мамандарын дайындап келеді.

Академияға 16 мен 25 жас аралығындағы орта білімі бар, әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін ҰБТ шекті баллы – 50. Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Барлық оқу кезеңінде киім-кешекпен, тегін тамақпен және мемлекеттік шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. 1-3 курс курсанттары казармалық жағдайда, 4-курс – Көкшетау қаласында тұрады.

Академияны бітірген тұлғалардың білім алу уақыты әскери қызметті өтеу уақытына теңеледі және лейтенант атағы беріледі. Жұмысқа орналасу да жеңіл болмақ. Тұрғылықты жері бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелеріне кепілді түрде жұмысқа орналастырылады.

М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсуге ынта білдірген тұлғалар, тұрғылықты мекенжайы бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаменттерінің және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің кадр саясаты бөлімдеріне өтініш берулеріне болады.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған