МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫ БҮГІННЕН БАСТА!

2023 жылдың 18 қаңтар күні Түлкібас ауданында орналасқан Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Абай атындағы жалпы орта мектебі» КММ-нің 10 және 11-сынып оқушыларына Төтенше жағдайлар бөлімі және өрт сөндіру бөлімі қызметкерімен Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Азаматтық қорғау академиясына күндізгі оқу нысанына орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Академияға қабылдау медициналық, физикалық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес конкурс түрінде жүргізіледі.

Академияда курсанттарды оқыту республикалық бюджет қаражат есебінен жүзеге асырылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне тегін киім-кешекпен, тамақпен және мемлекеттік шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ курсанттарға демалыс кезінде жол жүру ақысы төленеді. Оқу мерзімі – 4 жыл. Оқу уақыты мен мерзімі әскери қызмет өткерумен теңестіріледі.

Айта кету керек, биылдан бастап азаматтық қорғау академиясына оқуға қыздар да қабылданатын болды. 1-4 курс аралығында қыздар Көкшетау қаласында жатақханадан тыс жерде өз есебінде тұрады.

Академияға түсуге ниет білдірушілер тұрғылықты жері бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаментінің кадр саясаты бөлімшелеріне өтініш (еркін нысанда) береді.

Азаматтарды күндізгі оқу түріне қабылдау 4 кезеңнен тұрады:

1. Қабылдау комиссиясы үміткерлердің жеке істерімен танысады;

2. Медициналық жəне психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында іріктеу жүргізіледі;

3. Үміткерлер бекітілген Нормативтерге сəйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсырады;

4. Қабылдау комиссиясы конкурстық іріктеу жүргізеді жəне Академия курсанттары қатарына қабылдайды, сонымен қатар шет елдердің бейінді оқу орындарына іріктеу жасайды.

 MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған