КІТАП ОҚУДАН ҚОЛ ҮЗБЕЙІК!

«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» республикалық жобасы Түркістан облысында табысты іске асып келеді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Былтыр Түркістан облысы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қоры өзара меморандумға уағдаласқан болатын. Меморандум негізінде облыстағы 50 мектепке “Jas Leader” факультативті курсы оқытылды. Аталмыш жоба оқушылардың, кітапханашылардың жəне ата-аналардың оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, сондай-ақ, оқу мəдениетінің деңгейін арттыруға жəне оқуды насихаттауға бағытталған.

Әкімдік тапсырмасымен атқарып отырған облыстағы “Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт” жобасы аясында Облыстық Білім беруді дамыту орталығының инновациялық «KitapХАН@» кітап оқу жарыс жобасына Болат Өтемұратов қоры қолдау көрсетті.

Аталмыш жобаға облыстағы білім беру ұйымдарының педагогтері, колледж студенттері мен 5-10 оқушылары қызыға қатысып келеді.

2022 – Балалар жылында «KitapХАН@» кітап оқу жарысының жеңімпаздарын марапаттау үшін сыйға тартылатын «Steppe World» баспасының заманауи өте құнды “Хәрри Поттер” және тағы басқа көркем әдебиеттерін алуға қор демеушілік жасады.

Жоба аясында көркем әдебиеттер тізімі 4 бағыт бойынша жүзеге асыру көзделген. Олар: еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлары, қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітабы және түрлі анықтамалықтар мен ғылыми-көпшілік басылымдар және оқу-әдістемелік құралдарымен жасақтау. Жоспарды жүзеге асыру үшін жыл сайын мектептердің кітапханасын 20 %-ға көркем әдебиетпен толықтыру жұмыстары жүргізілмек. Яғни бес жыл ішінде мектеп кітапханалары 100 пайыз көркем әдеби шығармамен кітап қоры толығуы тиіс.

Облыстық білім беруді дамыту орталығы облыс педагогтерін көркем әдебиет пен кәсіби кітаптарды оқуға және кітап жарысына қатысып жүлдегер атануға шақырады. Кітап оқып рухани бай болу үшін, кітап оқудан қол үзбейік!

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған