ЖЕРЛЕСІМІЗ АҚШ-ТЫҢ 8 УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Түркістан облысы, Келес ауданы, Біртілек ауылдық округіңде орналасқан №9 Көлтоған жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жанерке Зейлбекова Америка Құрама Штаттарының 8 университетінен грант ұтып алды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жанерке Зейлбекова 9-сыныптан бастап ағылшын тілін терең меңгеріп, Назарбаев университетіне түсуге тыңғылықты дайындала бастаған. 10-сыныпқа қадам басып, онлайн түрде оқу курстарынан өтіп, шет елдегі конкурстарға қатыса бастады. Нәтижесінде АҚШ мемлекетінің 8 университетінен шақырту алды. Қазіргі таңда Түркия мемлекетінің жоғары оқу орындарына да құжаттарын тапсырып, нәтижесін күтуде. Білімді шәкірт жеткен жетістіктеріне басты себепкер болған №9 Көлтоған жалпы орта мектебінің ұстаздарына дән риза.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған