АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ АРАСЫНДА «THE BEST TEACHER» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Дәл қазіргі уақыт ағылшын тілін білу арқылы кез-келген ақпаратқа, ғылыми  мақалаларға тез қол жеткізуге, және тұпнұсқасынан оқуға мүмкіндік аласың. Себебі, көптеген ғылыми жетістіктер мен арнайы әдістемелік  құралдар әлем бойынша осы  тілде жазылады. Шынында да әлемнің бір-бірімен байланысу тіліне айналған ағылшын тілі ХХІ ғасырдың тілі болып есептеліп кеткені де жасырын емес. Біздің елімізде де ағылшын тіліне басымдық беріліп отырғаны әлемдік ақпаратқа жылдам әрі тез қол жеткізу, ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған кезеңде  ғылым мен білімді алға жылжыту. Міне осы орайда   Шымкент қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы 2023 жылғы  31 наурызда ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында «THE BEST TEACHER» қалалықбайқауын өткізді.

АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ АРАСЫНДА «THE BEST TEACHER» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бұл байқау өзгеше, тағлымдық әрі танымдық  мәнге ие болатын. Негізгі мақсаты мұғалімдердің өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыру, инновациялық идеяларын қолдау, цифрлық технологиялар қолданылған педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау және тарату, ағылшын тілін оқытып жүрген шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау, қолдау болатын. Жүлделі жұмыстарды  марапаттау арқылы тіл үйретіп жүрген мұғалімдердің беделін көтеру еді. Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған байқау өз мақсатына толықта жете алды деп айта аламыз.

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік  орталығы байқаудың ұйымдастырушысы болатын. Бұл орталық өткізген әрбір іс шараның өз айтары, өз берері бар болатыны бұрыннан белгілі.

 «THE BEST TEACHER» қалалық байқауының негізгі ережелеріне бір тоқталып өтсек. Байқауға 23-35 жас аралығындағы мұғалімдер қатысты. Байқауға қатысушылары 2023 жылдың 15 наурызына дейін өз жұмыстарын таныстыру мақсатында электронды поытаға электрондық портфолионың барлық оқу және әдістемелік материалдарын, мемлекеттік тілді оқыту үдерісіндегі табыстары мен инновациялық ізденістерін, тәжірибесін, мақалаларын, марапаттарын және т.б. жіберді. Қалалық білім ошақтарының мұғалімдері жіберген 30 шақты жұмыстың 10-ы іріктеуден өтті.

Аталмыш байқауға қатысушылардың жұмыстарына қарап, олардың білім  мен біліктілік деңгейіне қарап шынында да ағылшын тілі мұғалімдері арасында алға жылжу, өсу, заман ағымымен бірге даму барын көре алдық.

Бірінші кезең – қазылар алқасын қатысушылардың электрондық портфолиосымен таныстыру (нақты жұмысын таныстыру); талдау, бағалау, қорытындылаудан тұрды..  Бұл кезеңге берілген уақыт – 5 минут.

Екінші кезең – ағылшын тілін оқытудағы заманауи технологияларды қолдану  арқылы  жаңа  әдіс-тәсілдерді көрсету болатын. Бұл кезеңнің салмағы ауырлау болғандықтан 10-15минут уақыт берілді.

Үшінші кезең – ағылшын тілінде өлең немесе монолог айту  болатын. Бұл кезеңге 10 минут уақыт берілген болатын.

Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау мақсатында қазылар алқасы құрылды. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының ашық дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды.

Сонымен, Шымкент қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы ұйымдастырған ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында «THE BEST TEACHER» қалалықбайқауының жеңімпаздары:

Бас жүлде иегері — Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатының ағылшын тілі пәні мұғалімі Султон Олимжон Мамутжанұлы ;

 І орын иегері — №15 Д. Менделеев атындағы мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі Альбина  Искандаровна Нуриева;

 ІІ орын иегерлері — Ж. Аймауытов атындағы №64   мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Пернебай Гүлназ Ерланбекқызы мен О. Жандосов атындағы №30 ЖОББМ-ның ағылшын тілі пәні мұғалімі Хабибдиярова Феруза Исламқызы;

 ІІІ орын иегерлері — Энергетика және байланыс колледжінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Бейсенова Айдана Исаханқызы, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Шет тілдері кафедрасының ағылшын тілі пәні оқытушысы Тастемір Айша Ағыбайқызы мен №135 ЖОББМ-ның ағылшын тілі пәні мұғалімі Бегимкулова Айдын Сыдыковна.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және ұйымдастырушымен бекітілген жүлде қорының көлеміндегі сыйлықтармен марапатталды.

Гүлшахар Өтебайқызы,

Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған