ТЕГІН «БАЛАЛАР ТУРИСТІК ПОЙЫЗЫН» ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

2020 жылдан бастап барлық өңірлерде тегін «Балалар туристік пойызын» іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы Бүгін ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 2017 жылдан бері ҚР МСМ бастамасымен каникул кезінде республикалық музейлерге, музей-қорықтар мен театрларға оқушыларды тегін кіргізу тәжірибесі енгізілген. Осы жобаның оң тәжірибесін ескере отырып, оны енгізуді жергілікті деңгейде де жалғастыру ұсынылды.

— Бүгінгі таңда балалар мен жастарды әлеуметтік өмірге белсенді тарту үшін барлық өңірлерде кітапханалар базасында коворкинг-орталықтар жұмыс істейді. Мұнда балалар мен жасөспірімдер оқу бағдарламалары аясында шығармашылық және креативті жобаларды іске асыра алады. Өңірлерде 208 коворкинг-орталық жұмыс істейді, — деді А. Мұхамедиұлы.

Елдің барлық кітапханаларында «әдеби ертеңгіліктер» өткізу, музейлер мен музей-қорықтарда белгілі қазақстандық суретшілер, мүсіншілер, өлкетанушылар, археологтардың қатысуымен тегін тарихи-өлкетанулық және танымдық экскурсиялар, түрлі пленэрлер өткізу, қалалар мен облыс орталықтарында «BookCrossing» акциясын өткізу, ал барлық ауылдық округтерде «жылжымалы кітапханаларды» ұйымдастыру жоспарланған.

Балалар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спорттың дамуы туралы баяндай отырып, А. Мұхамедиұлы дене шынықтырумен және спортпен мектеп жасындағы 1,8 млн бала, соның ішінде ауылдық жерлерден 816 мыңнан астам бала қамтылғанын жеткізді.

Тұрғылықты жерлері бойынша дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын қамтамамыз ету мақсатында мектеп жасындағы балалар арасында қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істеуде — 172 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді қамтыған 570 балалар-жасөспірімдер клубтары, 87 балалар-жасөспірімдер дене дайындығы клубтары жұмыс жасайды. Барлық өңірлерде 80-ге жуық street workout арнайы спорт алаңдары ашылды.

Балалар мен жасөспірімдер туризмінде ішкі көші-қон ағынының оң серпінін жасау үшін растайтын құжатты ұсынған жағдайда «1+2» схемасы бойынша (бір ата-ана үшін екі бала) «KIDS GO FREE» қағидаты бойынша балалардың тегін авиамаршруттарын субсидиялау жоспарлануда.

2020 жылдан бастап барлық өңірлерде тегін «Балалар туристік пойызын» іске қосу жоспарлануда. Басымдық әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға, білім беру жарыстарының жеңімпаздарына, үздік оқушыларға т.б. беріледі.

Фото: sk-trust.kz

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған