ЛӘЙЛӘ СҰЛТАНҚЫЗЫ 2019 ЖЫЛЫ НЕ ӨЗГЕРЕТІНІН АЙТТЫ

Бұл жөнінде белгілі тележүргізуші өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады. Өз оқырмандарына «Арнайы менің оқырмандарым үшін 2019 жылы күшіне енер 19 өзгерісті 1 постқа жинап қойдым. Сақтап қойыңыздар» деген Ләйлә Сұлтанқызы ары қарай өзгерістер тізімін жариялаған.

«1. Ең төменгі жалақы 28 мыңнан 42 мыңға дейін өседі;

2.»Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы» қабылданады;

  1. Мемлекеттік қызметтің 80 %-ы электронды форматта көрсетіледі;
  2. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңмен 20%-ға көбейеді;

5.1 қыркүйектен бастап 90 мың мұғалімнің жалақысы артады;

  1. Тіркелмеген sim-карталар істен шығарылады;
  2. Жалақысы 25 АЕК-тен (63 125 теңге) төмен азаматтар үшін жеке кіріс салығы 10 есе төмендетіледі;
  3. 340 миллиард теңге қарызы бар 90 мың кәсіпкерге салық амнистиясы жүргізіледі;
  4. Әйелдердің зейнет жасы 59 жасқа дейін ұлғаяды;
  5. Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі көлемі – 16 037 теңге;
  6. Ең төменгі зейнетақы көлемі – 36 108 теңге;
  7. Жаңа жылдан бастап Қазақстанда энергетика саласы үшін жаңа тарифтік әдіснама енгізіледі, сөйтіп, электр жарығы мен тауарлық газ тарифтері төмендейді;
  8. 16 жасқа дейінгі балалардың шетелге шыққанда жеке төлқұжаты болуы міндетті;
  9. Техникалық төлқұжаттың жаңа үлгісі енгізіледі. Ол кредиттік карта көлемімен бірдей, чипі бар, жүргізуші куәлігі мен жеке куәлікке ұқсайды;
  10. Қазақстанда жаңа жылдан бастап автокөлік иелері үшін онлайн сақтандыру енгізіледі;
  11. Сақтандыру полисі жоқ жүргізушілерге айыппұл салынбайды;
  12. Еңбек кітапшалары электронды болады;
  13. Жаңа жылдан бастап темекі қымбаттайды;
  14. Күнкөріс минимумының шамасы – 29 698 теңге болады» делінген.

Фото: m.flip.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған