«АҚЫЛДЫ» ПЕРДЕЛЕР САТЫЛЫМҒА ШЫҚПАҚШЫ

Әлемдік брендке айналған жиһаздармен үйге арналған бұйымдар сату арқылы танымал болған Нидерландының атақты компаниясы «ақылды» перделерді сатылымға шығармақшы. Бұл жөнінде vesti.ru хабарлайды.

Перде жартылай жарық өткізетін, не болмаса мүлдем жарық өткізбейтін мықты маталардан жасалған. Әзірге осы екі түрі сатылымға шықпақ. Автоматты түрде оралып өздігінен жиналатын ақылды перделердің литий-ионды аккумуляторы топтамаға енетін арнайы USB қоректену блогы арқылы қуатталады. Перделер арнайы пульт арқылы басқарылып, бүгінгі күнде өмірімізге дендеп еніп жатқан ақылды үйлерге арнап шығарылған. Бұл перделерді еуропалық тұтынушылар ақпан айынан бастап сатып ала алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған