ШЫМКЕНТТІКТЕР САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкентке жаңадан қосылған елдімекендерде жарық мәселесі өзекті проблемалардың бірі. Алдын ала тексеру жүргізген мамандар 35 елдімекенде электр сапасы төмен екенін анықтаған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қазіргі таңда қалаға сапалы электр қуатын беру үшін 3 подстанцияның құрылысы мен 13 елдімекенде электр желісін тарту жұмыстары жүргізілуде.

Осы 2020 жылы аталған жобаларды іске асыру арқылы 40 мыңға жуық қала тұрғынын сапалы электрмен қамту жоспарланған.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған