ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

Жыл аяқталған тұста әкімдердің жұмысына сараптама жасап, сауалнама жүргізіп, әкімдер рейтингі жариялау дәстүрге айналып келеді. Жақында «Стратегия» қоғамдық қорының сарапшылары жүргізген сауалнама нәтижесі белгілі болды. Сол тізімде жаңа мегаполис атанған Шымкент қаласының әкімі үздік үштікті қорытындылап тұр. Бұл жөнінде «Уральская неделя» сайтында жарияланды.

Жарияланған рейтингте облыс әкімдері мен аймақ басшыларының жұмыс тиімділігі бес бағыт бойынша жеті балдық межемен бағаланған.

Өткен жылдың екінші жартыжылдығында барлық өңір әкімдерінің жұмыс тиімділігі төмендегенін сарапшылар алға тартып отыр. Жеті балдық межеге ешбір әкім жете алмаған, тіпті бес баллдан жоғары көрсеткішке де қол жеткізе алмаған.

Рейтинг бойынша, алғашқы үштікте болған әкімдер:

Бауыржан Байбек (Алматы, бірінші орын — 4,54 балл),

Қырымбек Көшербаев (Қызылорда облысы, екінші орын — 4,43 балл),

Ғабидолла Әбдірахымов (Шымкент, үшінші орын — 4,11 балл).

Ал тағы ерекше атап өтер әкімнің бірі Бердібек Сапарбаев (Ақтөбе облысы, төртінші орын — 4,07 балл) төрт балдан жоғарғы көрсеткішке ие болған. Аталғандардан өзге әкімдерге төрт балдық меженің өзі бағынбапты. Түркістан облысының әкімі Ж. Түймебаев рейтингте 3,77 баллмен жетінші орында. Түркістан облысының жаңадан құрылғанын ескерсек оның да әсері болған болуы мүмкін. Ал бас қаламыздың әкімі Б.Сұлтанов 3,76 баллмен тоғызыншы орынға тұрақтапты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған