ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЕРТЕ БАСТАЛМАҚ

Биыл марокко шегірткесі 83,8 мың га жерге таралуы мүмкін деген болжам бар. Өңірдің ауа райы жағдайына байланысты шегірткеге қарсы жұмыс белгіленген уақытынан ерте, яғни сәуір айында басталмақ. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысының Келес ауданында шегірткеге қарсы күрес бойынша штабтың көшпелі отырысы өткізілді. Жиынға ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Г. Исаева, Түркістан облысы әкімінің орынбасары М. Мырзалиев, Агроөнеркәсіп кешенінің Мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары А. Марс қатысты.

Шегірткеге қарсы жұмыстарға 240 маман тартылып, 46 бірлік дәрі бүркетін техникамен 6 мың литрден астам тиімділігі жоғары дәрі себілмек.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы өңдеу аумағы 173 мың гектарға күрт өскен. Ал 2018 жылы өңделген жер көлемі 259 мың гектарға жетті.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған