«SHARDARA ARMSPORT» КЛУБЫ 8 ҰЛ-ҚЫЗЫ БАР МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Шардара аудандық мәслихатының төрағасы, білікті бапкер, жомарт жүректі Арман Қарсыбаев (Арман Карсыбаев)жылдағы дәстүрін жалғастырып, қасиетті Рамазан айында өз атынан және «Shardara Armsport» клубының атынан 10 адамнан тұратын Сүлейменовтар отбасына қала орталығынан кезекті 4 бөлмелі үйді сыйға тартты.

«SHARDARA ARMSPORT» КЛУБЫ 8 ҰЛ-ҚЫЗЫ БАР МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Отағасы Мейіржан Сүлейменов және жұбайы, 8 бала-шағасымен жалдамалы 1 бөлмелі үйде тұрып келген екен.

Кенже ұлының есімін Арман Қарсыбаевтай азамат болсын деп Арман қойған Сүлейменовтар отбасының қуанышында шек болмады. Олар Арман Романұлының сауапты ісіне алғысын білдірді.

Бұған дейін де Арман Қарсыбаев шәкірттерінің демеушілігімен, өзінің жеке қаржысы есебінен шардаралық жастарға заман талабына сай спорттық база салып, 8 жастан бастап ақысыз түрде кез келген адамның спортпен айналысуына мүмкіндік жасаған. Алыстан қатынайтын балалар үшін арнайы автобустар алып берген болатын. Аудандық орталық мешітке де автобус тарту еткен еді.

Еске сала кетсек, қол күресі спортынан алты құрлықта абыройы асқан «Shardara Armsport» спорт клубына биыл 26 жыл толып отыр. Ең алғаш Түркістан облысы Шардара ауданына қол күресі спортының дамуына ерекше үлес қосқан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы осы спорттың өңірімізде негізін қалаған Арман Қарсыбаев екенін көпшілік жақсы біледі.

Қазіргі таңда «Shardara Armsport» клубында 500-ден астам спортшы тұрақты түрде жаттығады. Мұнда қол күреспен қатар гір көтеру, дзюдо, ауыр атлетика, каратэ, семсерлесу, найза лақтыру, ядро лақтыру, таэквондо, бокс, пауэрлифтинг сынды бірқатар спорт үйірмелері жұмыс істейді. Клубта 8 жастан бастап, ақысыз түрде кез келген адам спортпен айналыса алады. Бүгінде клубта білікті де білімді 35 жаттықтырушы еңбек етеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған