«RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНАН ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІММЕН ҰСЫНЫЛҒАН КАНДИДАТТАР ТІРКЕЛДІ

2023 жылы 14 ақпан күні Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, облыстағы саяси партиялар филиалдары партиялық тізімдермен ұсынған кандидаттар тіркелді.

Жиында партия өкілдеріне арнайы есеп шот ашу, сайлау қорын құру, сенімді өкілдер ұсыну және оларды тіркеп куәліктер беру мәселелері айтылып, түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, әрбір саяси партиялар филиалдары бойынша тізіммен ұсынылған кандидаттардың сайлау заңы талаптарына сәйкестіктері ескерілді.
Комиссия отырысына «Amanat» партиясы, «Ауыл халықтық- демократиялық патриоттық партиясы, «Қазақстанның Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстан Халық» партиясы, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, «Respublica» партиясы облыстық филиалдарының басшылары мен өкілдері қатысты.
Жиынға қатысушы партия өкілдеріне алдағы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын заң талаптары шеңберінде жүргізу және заң бұзушылықтарға жол бермеу керектігі ұсынылды. Саяси партия өкілдері үгіт-насихат жүргізу жұмыстары бойынша қажет болған жағдайда облыстық аумақтық сайлау комиссиясымен байланыста болатындықтарын жеткізді.
«Respublica» партиясы облыстық филиалының төрағасы Бекжан Айтқұлов сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары заң талаптары шеңберінде жүзеге асатынын атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған