ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК БАҒЫТТАРЫ ЖАҢА ФОРМАТҚА КӨШЕДІ

Шымкентте биыл қоғамдық көлік бағыттарын жаңа форматқа көшіру, заманауи диспетчерлік орталық құру, электрондық билеттендіруді енгізу жұмыстары да қолға алынады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Бүгінде Шымкентте қоғамдық көлікті күніне 650 мыңға жуық жолаушы пайдаланады. Оларға 25 тасымалдаушы мекемедегі 1 621 автобус қызмет етеді. Дегенмен қолданыстағы көліктердің 60%-ы ескірген.

Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін өткен жылы 300 жаңа автобус алынды. Бұл жерде Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесі қолданылған, арнайы мамандармен бірлесе жұмыс тобы құрылып, жол картасы бекітілді.

Жоспарға сәйкес, қаланың көлік саласын даму схемасы әзірленеді. Осыған сәйкес, 2020 жылы 590 жаңа автобус алу жоспарларған.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған