«МЕЙІРІМДІЛІК КЕРУЕНІ» ДЕГЕН НЕ?

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен елімізде «Мейірімділік керуені» атты жыл сайынғы қайырымдылық акциясы бастау алды. Бұл туралы Жамбыл облысы, Қордай ауданы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Мейірімділікпен бірге!» ұранымен өтетін іс-шара халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын қолдауға арналған.

Акцияның әр айы қайырымдылыққа арналған сарқыт, сыбаға, шашу, асар секілді қазақ халқының бір салт-дәстүрінің белгісімен өтпек.

Қордай аудандық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Станислав Насыровтың айтуынша, қаңтар айындағы іс-шара «Сарқыт» деп аталады. Сарқыт – қазақ халқының дағдысында қалыптасқан ырым. Қонаққа келген әрбір адамға сый-құрмет ретінде, қуаныштан кәде ретінде, разылығының белгісі және жұғысты болсын деген ниетпен алынатын ырым болып табылады.

– Мейірімділік керуені деген не? Ең алдымен – көмекке зәру жандарға деген қамқорлық. Біздің көмек біржолғы емес, ізгілік айлары әлі жалғасын табады. Мұндай акциялар барлығымызға қажет. Біз бармыз, біз көмектесеміз… Бізбен бірге көмектес! – деген С.Насыров көпшілікті игі іске атсалысуға шақырады.

«Қайырымдылық іс-шарасы аясында ұлттық-мәдени орталықтар және Қордай ауданының «Жаңғыру жолы» ҚХА жастар қозғалысының белсенділері халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға арналған ақция ұйымдастыруды көздеп отыр» делінген korday.zhambyl.gov.kz сайтында.

Mixnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған