МЕГАПОЛИСТІҢ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРЫ ҚОЛДАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Шымкентте көпбалалы аналарды қолдаудың жаңа тетіктері қарастырылды. «Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов халық алдындағы есебінде мәлімдеді» деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Мегаполисте көп балалы аналарға қызмет көрсететін орталық ашылып, олар мұнда мемлекеттік қызмет түрлерін ала алады.

2019 жылдың 1 наурызынан бастап Алтын алқа, Күміс алқа иегерлері және Батыр аналар мен І және ІІ дәрежедегі орденмен марапатталған аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Бұл үшін Шымкент қаласының әкімдігі тасымалдаушы компанияларға субсидия бөлді. Ал табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 25 мыңнан 100 000 теңгеге дейін ұлғайып, тамыздан бастап беріледі. Сонымен қатар кәсіпкерлермен бірге «Сен жалғыз емессің» жобасы жүзеге асырылмақ. Оның аясында тағдыр тауқыметін тартып жатқан отбасыларға баспана салынады.

Бұған қоса Шымкенттегі 1000 отбасыға газ және өрт қауіпсіздігінің алдын алуда дабыл беретін арнайы құрылғылар орнату жұмыстары басталды. Аталған құрылған аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға демеушілер есебінен тегін орнатылмақ.

Атап өтейік, мегаполисте 2220 Алтын алқа иегері, 6056 Күміс алқа иегері, 511 Батыр ана, 700-ден аса І және ІІ дәрежелі орденмен марапатталған және 3200 көп балалы ана бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған