«КӨРПЕ FEST» – ШЫМКЕНТТЕ

Бүгін Шымкент қаласында қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қолдауымен «Көрпе Fest» мегафестивалінің ашылуы өтті. Мегафестивальді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Мамытбеков ашып, ісмер аналарға сәттілік тіледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Көрме» орталығында ұйымдастырылған шараға көп балалы аналар және тігін тігіп, өз кәсіпкерлігін бастауға ниет білдірген 200-ден астам қыз-келіншек қатысуда. Олар 6-наурызға дейін көрпе, құрақ құрау және өзге де қолөнер бұйымдарын жасаудың қыр-сырын үйренеді.

Ақысыз шеберлік сағаттарын «Алтын сапа» премиясының жеңімпазы, «Құрмет» орденінің иегері, Республикалық ақпараттық ағарту үгіт-насихат штабының төрайымы Ырза Тұрсынзада өткізеді.

Фестиваль «Аманат» әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған