КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ҚАЙТАРЫМСЫЗ 500 МЫҢ ТЕҢГЕ ГРАНТ БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз 500 мың теңге мемлекеттік гранттар берілетін болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.

Ағымдағы жылы, енген өзгерістерге байланысты шартты ақшалай көмек 12 айға, шартсыз ақшалай көмек 6 айға тағайындалатыны көзделді. Бір отбасыға атаулы әлеуметтік көмектің айлық мөлшері орта есеппен 100-150 мың теңгені, жылдық мөлшері 1,8 – 2 млн. теңгені құрайды. Осыған байланысты, қомақты қаржыны тиімді пайдалану үшін және өз ісін ашып, қосымша табыс табу мақсатында облыста аз қамтылған азаматтарды кәсіпкерлікке тарту бойынша жұмыстары жүргізілуде.

– Өткен жылдың тәжірибесінің негізінде атаулы әлеуметтік көмектің біржолғы төлеміне басымдық беріп, аталған қаржы есебінен облыста әзірленген 15 кіші бизнес-жоба іске асыруда. Нәтижесінде 2019 жылдың 1 тоқсанында 400-ге жуық отбасы өз ісін ашты. Қосымша, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз 500 мың теңге мемлекеттік гранттар берілетін болады, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Бүгінгі таңда облыста көпбалалы отбасыларға арналған «Ырыс» микроқаржы ұйымы тарапынан бір пайыздық 2 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген шағын несие беруде. Осы мақсатқа 100 млн. теңге қаржы бөлінген.

Бұдан бөлек, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылы республикалық бюджет есебінен 1248 отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланды. Қосымша, облыстық бюджеттен халықтың осал топтарына 44 тұрғын үйдің (2309 пәтер) құрылысына 7,3 млрд. теңге бөлінді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған