КӨПҚАБАТТЫ 41 ҮЙ ЖАҢАРУДА

Бүгінде жөнделуі қажет 71 үйдің тізімі жасалған. Көпқабатты үйлердің сыртқы қасбеттерін ретке келтіру жобасы 2 кезеңге бөлінген. Бірінші кезекте Республика және Тәуке хан даңғылдары бойындағы үйлердің қасбеттері ретке келтіріледі. Осы мақсатта қазіргі таңда аталған орталық көшелерден 41 үй анықталған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жалпы 41 үйдің қасбетін жөндеу үшін 13 мердігер мекеме тартылды. Бүгінгі таңда мердігер мекемелер мен басқарма мамандар үйлердің жағдайын зерделеп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Абай ауданы бойынша 17 үйді жөндеуді (жалпы ауданы 18 000 ш.м.) 5 мердігер мекеме және 133 құрылысшы атқаруда. Қазіргі таңда 4000 ш.м. құрылыс сатылары құрылып, 6000 т.м. құрылыс материалдары жеткізілген.

Әл-Фараби ауданы бойынша 24 үй бойынша (жалпы ауданы 26 290 ш.м.) 8 мердігер мекеме және 128 құрылысшы жұмыс істеуде.

Екінші кезекте Темірлан тасжолы, Бейбітшілік және Жібек жолы көшесі бойында орналасқан көп қабатты 30 үйдің қасбеті жөнделеді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған