ӘКІМ ЖАЗАЛАНДЫ

Әкім тарапына жеке шаруашылығына қызметтік көлікпен жүретіні, жүргізушісі өзінің баласы екені және баласы қалада жұмыс жасайтыны жөнінде сыни пікір білдірілгені көрініс тапқан. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті хабарлады.

Маңғыстау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында Қарақия ауданы Сенек ауылының әкімі Б.Еркегуловке қатысты тәртіптік іс қаралды.

Тәртіптік іс бойынша, аумақтық Департаментпен Әдеп кодексі талабының сақталуына жүргізілген мониторинг барысында, «фейсбук» әлеуметтік желісінде Сенек ауылының әкімі тарапына жеке шаруашылығына қызметтік көлікпен жүретіндігі, жүргізушісі өзінің баласы екендігі және баласы қалада жұмыс жасайтындығы жөнінде сыни пікір білдірілгені көрініс тапқан.

Қызметші Б.Еркеғұлов өз түсіндірмесінде ауылда басқа көлік жүргізушісі табылмағандықтан ұлы Б.Құрмантайды село әкімінің қызметтік көлігіне жүргізуші болып жұмысқа қабылдағанын, қызметтік көлік әкімшілік аумағындағы шаруашылық қожалықтарына баратынын және баласының басқа серіктестікте ауысымдық жұмысқа орналасқаннан кейін табельге тек жұмысқа қатысу күндерін көрсетіп отырғанын жеткізді.

Алайда, қосымша тексеру кезінде сырғалау, малдарды егу қызметтері аудандық ветеринариялық станциясына қарасты «Сенек» ветеринариялық пункті мамандары арқылы жүргізілетіні және қызметтерді атқаруға осы мекемеге тиесілі автокөліктің пайдаланылғаны, сондай-ақ Сенек ауылы әкімдігінің аппаратынан «көлік жүргізуші» мамандығы бойынша сұраныс болмағанын анықтады.

Бұған қоса, серіктестікте ауысымдық жұмысқа орналасуына байланысты автокөлік жүргізушісі баласына қатысты жұмыс уақытын қысқарту туралы өкім шығарылмай, тек табельге жұмыс атқарған уақытына сағат белгілеумен шектеліп келген.

Кеңес мүшелері әкім Б.Еркегуловтың өз кінәсін мойындағанын ескеріп, Әдеп кодексінің талабын бұзуына жол бергені үшін, оған «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылданды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған