«ХИМФАРМ» ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ

«Химфарм» АҚ-да заманауи білім беру орталығы ашылды. Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

– «Химфарм» компаниясының тарихы жетістіктерге толы. Мен біздің мегаполисте жаңа кәсіпорындар ашылып, олар заманауи талаптарға сай болғанын, қала және ел экономикасының дамуына үлес қоссын деп тілеймін. Жуырда Үкімет басшысы жиналыс өткізіп, жиында өндірісін жаңғыртқан және цифрлық үрдіске бет алған компаниялар айтылды. Олардың арасында SANTO компаниясы да бар. Бұл – біздің қала үшін қуаныш, – деді қала әкімі.

Орталықтың ашылуына 100 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Мұндағы негізгі мақсат – компания мамандарының біліктілігін арттыру. Бұл орталықта, сондай-ақ, IT технологиялар, автоматтандырылған метрология және технологиялық процестерді басқару саласындағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері оқытылады.

Айта кетейік, SANTO компаниясы бүгінгі таңда Қазақстандағы фармацевтикалық өндірушілердің арасында жетекші орынға ие. Компания бүгінде дәрі-дәрмектер мен медициналық препараттар шығарып, нарыққа ұсынып отыр. Өндірісінде 240-тан астам дәрілік заттар шығарылатын компания өнімдері ішкі нарыққа және Ресей, Украина, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түркменстан мен Тәжікстан елдеріне жіберілуде.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған