ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛАПТАРЫН САҚТАҢЫЗ!

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тілсіз жаудың алдын алу бағытындағы тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша іс-шаралар аудандарда жалғасуда.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қала аумағындағы «Magnum» супермаркеті және «TURAN MALL» сауда үйі қызметкерлеріне «Өрт қауіпсіздігі» бойынша және алғашқы өрт сөндіру құралын пайдалану техникасы жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және Сайрам ауданы әкімшілік қызметкерлері, аудандағы базарлар мен сауда орындарындағы кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел өткізді. Жиын барысында кәсіпкерлерге «Өрт қауіпсіздігі» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Келес ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және Келес ауданы газ шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп Келес ауданы Біртілек ауыл округі, Шұқырсай елді мекенінде орналасқан тұрғын үйлердегі улы газ және өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынама парақшаларын таратты. Сонымен қатар FM-89,6 радиосы арқылы «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған