ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАЙЫҚ!

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртке қарсы күресін тоқтатпақ емес. Бұл күндері өңірдің түкпір-түкпірінде тілсіз жаудың алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда.

Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және № 24 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен Өрт қауіпсіздігі және Улы газдан уланудың алдын алу мақсатында, жағдайы төмен отбасылардың үйін аралау жұмыстары жүргізілді. Арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың мамандарымен бірлесе отырып, «Орталық базарында” өрт қауіпсіздік ережелері бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіп, ескертпе парақшаларын таратты.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының және полиция қызметкері шаһар аумағындағы ТО Қуаныш ЖШС сауда орталығына және сол аумаққа қарасты сауда орындарына барып, қала тұрғындарына, саудагерлерге және күзет жасағына Өрт қауіпсіздігін сақтау жайында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жадынама парақшаларын үлестірді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған