ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАЙЫҚ!

Жылыту маусымы кезінде тұрмыстық өрт тұрғын үйлерде және пәтерлерде әдеттегіден жиі тіркеледі. Жылу жүйесі мен құрылғыларының пайдалану, электр жүйесіне шамадан тыс ауыртпашылық түсу кезінде өрт қауіпсіздігінің бұзылуы және қарапайым немқұрайлылық тілсіз жаудың негізгі себептердің бірі болып табылады. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үздіксіз үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді.

2023 жылы 23 қаңтар күні Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері, № 6 өрт сөндіру бөлімінің және №17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Жібек жолы ауылының әкімшілік қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі» және «Улы газдан уланудың алдын алу» бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Сондай-ақ Созақ ауданы аумағында орналасқан білім беру мекемелеріне үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Созақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және №11 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері тарапынан жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бөлім тарапынан дайындалған арнайы жадынамалар таратылды.

Осы күні Созақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімімен Созақ ауданы, Шолоққорған ауылында орналасқан «Бекұлы» базарына және «Қайсар» сауда орталығына өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Сауда нысандарын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында ақпараттық хаттар ұсынылды.

Ал Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Торговый дом»,  «Қуаныш», «Азиз», «Марат» (ағаш базары) және соған қарасты басқа да нысандар, тағы басқа сауда орындарындағы өрттердің алдын алу мақсатында, сауда нысандарының басшыларымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді. Қала аумағындағы сауда орындарына, адамдар көп шоғырланған жерлерге, тұрғындар мен қала қонақтарына «Өрт қауіпсіздігін сақтау» жайында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Арыс ауданында тілсіз жаудың алдын алуды, қауіпсіздік шараларын мектеп қабырғасындағы балаларға бүгіннен бастап таныстыруда. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, а.қ. лейтенанты Баймахан Бексұлтан №8 В. Комарова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде оқушыларға «Өрт қауіпсіздігін сақтайық» апталығын жоғары деңгейде өткізіп, мамандармен ашық түрде сөйлесіп, көкейдегі сұрақтарына жауап беріп, тақырып баршаға толық түсіндірілді.

Тілсіз жаудан сақ болайық!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған